Жайдарманшы Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
641

Белгілі жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жөнінде Мансар Орынханның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін”, – дейді ол.

Актер алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерін салмақ. “Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін. Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру” дейді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...