Талдықорғанда екі жас таныстарын қорқытып, несие алдырған

polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
779

Талдықорғанда полицейлер микронесиелер арқылы жасалған бопсалау схемасын әшкереледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, екі жас жігіт таныстарына қысым көрсетіп, оларды өз атына несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Күдікті ретінде 19 жастағы екі жергілікті тұрғын танылып отыр.

Олар 2024 жылдың күзінен бастап айналасындағы адамдарға күш қолданамыз деп қорқытып, микрозайм алуға итермелеген. Ал алынған қаражатты жәбірленушілер күдіктілерге беруге мәжбүр болған. Алдын ала деректер бойынша, бұл әрекеттерден 6 адам зардап шеккен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...