Талдықорғанда отбасылы еркектің істеген сұмдығы ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1620

Талдықорғанда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 23 жастағы ер адам ұсталды. Күдіктіден бас-аяғы 223 грамм мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, Талдықорған қаласында өткен түнгі жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі қылмысына күдікті азамат қолға түсті.

Оның шалбарының қалтасынан көк изолентамен оралған үш дана Zip-Lock пакет табылып, ішінен ашық түсті ұнтақ зат тәркіленген.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу барысында жатын бөлмедегі шкафта дәл сондай 101 дана Zip-Lock пакет табылды. Олар түрлі түсті изолентамен (көк, қара, сары, жасыл) оралған.

Жалпы саны – 104 күмәнді пакет. Барлығы бірдей ұнтақ затпен толтырылған.

Тергеу барысында күдіктінің отбасылы екені анықталды – оның әйелі мен кәмелетке толмаған баласы бар. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...