Павлодарда 7 оқушының денесін күйік шалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қаладағы №37 мектеп оқуш...
«Балконға асып қойған»: Оралда әкесі қызының өміріне қауіп төндірген
Дереккөзден
Оралда кішкентай қызды балконнан екі қолынан асып қойған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Оралда балконнан кішкентай қызды қолынан ұстап түсіріп жатқан ер адамның кім екені анықталды. Қауіпті оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Бұл «Надежда» газеті жариялады. Батыс Қазақстан облысының полициясы 17 шілде күні Instagram-дағы @zhaloba_uralsk_official парақшасында жарияланған видеоны зерттеді. Видеода ер адам кішкентай қызды қолынан ұстап, балконнан төмен түсіріп жатқаны көрінеді. БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жеке басы дереу анықталған — ол қыздың туған әкесі болып шықты.
Оған қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді, қазір оның заңға сәйкес жауапкершілікке тартылу мәселесі қарастырылып жатыр.
«Еске саламыз: баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Ата-аналарды сабырлыққа және жауапкершілікке шақырамыз», — деді полиция өкілдері.
Жағдайға БҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі Шаттық Үтебалиева пікір білдірді. Оның айтуынша, әкенің бұл әрекеті қатты алаңдаушылық тудырады.
«Ересек адамның қандай да бір уәжіне қарамастан — ол ойын, күш көрсету немесе жазалау әрекеті болсын — мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды. Бұл баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Ата-аналар өз балаларының қауіпсіздігіне кепіл болуға тиіс», — деді Үтебалиева.