Ашуға мінген табиғаттың шынайы болмысын, тірі қалпын, дем-тынысын кенепке түсіргендер некен-саяқ дес...
Өлім жазасынан кейін аман қалған әйел қайтадан түрмеге оралды
Фото: ЖИ
АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасын орындау әрекетінен аман қалған 50 жастағы Криста Пайк ауруханадан шығарылып, қайтадан түрмеге жеткізілді. Бұл туралы оның адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Криста Пайк соңғы 30 жыл бойы жазасын өтеп келген Дебра К. Джонсон атындағы әйелдер түзеу орталығына қайтарылған. Заңгерлерінің айтуынша, оған түрмеде медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Ол осындай ерекше жағдайда көмек көрсеткен жедел қызмет мамандары мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреді. Қазір де түрмеде медициналық көмек алып жатыр, біз оның сауығу барысын бақылауды жалғастырамыз", – делінген адвокаттарының мәлімдемесінде.
Криста Пайк 1995 жылы сыныптасы Коллин Слеммерді өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Қылмыс жасалған кезде ол 18 жаста болған.
Оны өлім жазасына кесу рәсімі 2026 жылғы 30 қыркүйекте жүргізілді. Алайда процедура барысында Пайкқа пентобарбитал препаратының екі дозасы енгізілгеннен кейін де өлім тіркелмеген. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, біраз уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кейін есін жиып, жағдайы біртіндеп жақсарған.
Медицина мамандарының алдын ала болжамдарының бірі бойынша, препараттың бір бөлігі көктамырға емес, тіндерге түсуі мүмкін. Алайда Теннесси билігі рәсімнің не себепті сәтсіз аяқталғаны туралы түпкілікті қорытынды жариялаған жоқ.