Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан сырғалым атанды, деп хабарлады MADENIPORTAL...
«Қатты толқып тұрмын...Қазақ еліне +1 бала»: Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі сүйінші жаңалығын айтты
коллаж MadeniPortal.kz
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан көпшіліктің қолдауына алғыс айтып, сәби сүйе алмай жүрген бір отбасыға көмектескісі келетінін жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі халықтың ықыласы мен ақ батасы өзіне ерекше әсер еткенін айтып, көптен бері бала күтіп жүрген отбасының арманына жетуіне себепкер болуды қалайтынын мәлімдеді.
«Шын мәнінде, қазір қатты толқып тұрмын. Алла Тағала жүрегіме осындай белгі салды. Барлық халықтың арқасы ғой. Халық батасын беріп жатыр, халық бізді көтермелеп жатыр. Мен де осы халыққа жақсылық жасай аламын ба деп ойлап, Алладан бала тілеп жүрген бір отбасының балалы болуына себепкер болсам деген ниетім бар», – деді Мөлдір Мұқан.
Продюсер балалы болуды армандаған отбасыға қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
"Әрбір отбасының ең үлкен армандарының бірі - сәбилі болу. Алайда бұл жол кейбір отбасылар үшін ұзақ әрі қиын болуы мүмкін. Мөлдір Мұқан көптен бері ата-ана болуды армандап жүрген бір отбасына қолдау көрсеткісі келетінін жеткізді. Ол осы отбасының ЭКО бағдарламасына қажетті барлық шығынды өз мойнына алып, толықтай демеушілік жасауға ниетті. Бұл - бір отбасыға берілген үлкен мүмкіндік, бір арманға жасалған маңызды қадам", - деп жазды клиниканың әлеуметтік желідегі парақшасында.