Тамара Асар: “Жол апатына түскен соң ешкім маған тұсау кестірмей қалды”

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1948
Әнші Тамара Асар «Төрлетіңіз» бағдарламасында көп жыл бойы оған ешкім тұсауын кестірмей қойғанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Жас кезімнен аяғым ауыратын адамдардың бірімін. Көп адам менен тұсау кестіруге қорқады. Осыдан 15 жыл бұрын Атырауда бір отбасы артымнан қалмай жүріп, тұсау кестірді. Бала күнімде желаяқ болдым. Тұсауды көп кестім. 21 жасымда жол апатына түскен соң ешкім маған тұсау кестірмей қалды. 30 жасқа таяған кезде Атырауада екі адам қоймады. Мен қалай кесемін, аяғым ауырады деп айттым. Олар «білеміз, сен аяғың ауырса да, шауып кеткен адамсың. Ешнәрсеге қарамай шауып кеткен адамсың. Сендей болуы керек деді. Сондықтан мен кескен адам ешқашан құламайды», - дейді Тамара Асар.  

Еске салсақ, әнші 21 жасында ірі жол апатына ұшырап, бір аяғынан айырылған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...