Танымал әнші жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті

Фото: madeniportal.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1985

Ресейлік әнші Александр Буинов Мәскеу облысында жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап. 

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 26 ақпан күні кешке Мәскеу облысының Наро-Фоминск ауданында болған. Әншінің Lexus LX 570 жол талғамайтын көлігін тізгіндегені айтылады. Белгілі болғандай, әнші жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 61 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 

Айта кетейік, басылым Буйнов соңғы бір жылда 32 рет жол ережесін бұзғанын атап өтті. 

Әншінің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...