Әкімдікте істейтін лауазымды адамдардың былығы ашылып, күлкіге қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1559

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды. Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сот актісімен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының  жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды.

 Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын  мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген.

 Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдеген.

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар барлығы 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...