Еркебұлан Тоқтар қырғыз спортшысынан ойсырай жеңілді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
564

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Армения астанасы Ереванда өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте ол Марсель Нұрланбекұлымен қолғаптағы бокс ережесі бойынша кездесті. Қарсыластар тартысты айқас көрсеткенімен, төрешілер бірауыздан жеңісті қырғыз спортшысына берді.

Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі кәсіби көрсеткіші – 11 жеңіс және 3 жеңіліс. Оның соңғы ММА жекпе-жегі өткен жылдың тамызында өтіп, сол кездесуде ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Ал Марсель Нұрланбекұлы әзірге жеңіліс көрмеген файтерлердің қатарында. Оның рекорды – 14 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Фарход Эргишбаевты нокаутпен жеңген.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар бұған дейінгі жекпе-жегін 28 желтоқсанда Ташкентте өткізіп, жергілікті спортшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда алтыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар баланы патрульдік полиция дер кезінде құтқарып қа...

PESTEL

Вирджиния штатында жолаушылар автобусы мен бірнеше көлік қатысқан ірі жол апатынан кемінде бес адам...