Енді Медеу мен Шымбұлаққа жәй көліктермен кіре алмайды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
141

Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ табиғи парктерінің аумағына көлікпен кіру тәртібі өзгереді. Енді бұл аумаққа жұмыс күндері тек электр көліктері ғана кіре алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, демалыс күндері Медеу мен Шымбұлақ аумағына көліктің барлық түрінің кіруіне тыйым салынады. Қала билігінің мәліметінше, бұл шаралар көлік жүктемесін азайту және табиғи аумақтарды сақтап қалу мақсатында қабылданып отыр.

Статистикаға сүйенсек, бақылау-өткізу бекеті арқылы тәулігіне шамамен 700 автокөлік өтеді. Ал 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Медеу мен Шымбұлақ аумағына көліктердің кіру саны 179 мыңнан асқан.  

СПОРТ

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында қайтыс болған 19 жастағы Мәдина Рашидқызының анасы сегіз айлық немересін көре алмай...