Танымал сериалдың актері: Жанар Айжанованың «Кальмар ойындары» актерімен әңгімесі тарады

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
596

Оңтүстіккореялық жұлдыз Им Шиванмен түскен бейнежазбасы арқылы Жанар Айжанова әлеуметтік желіні шулатты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстандық актриса мен әнші Instagram мен TikTok желілеріне Пусан кинофестивалінде түсірілген архивтік фото мен видеоны жариялады. Бейнежазбада Айжанова өзін комедиялық актриса және әнші ретінде таныстырады. Оның айтуынша, Им Шиван Қазақстаннан келген әртіспен танысқанына таңғалған.

«Өте сыпайы, жақсы адам. Кино мен ән саласын қатар алып жүргеніміз де ұқсас екен. Әзілдеп, Қазақстанға келем деп уәде берді», – деп жазды Жанар Айжанова. 

TikTok-та жарияланған ролик бірнеше сағат ішінде жарты миллионнан астас қаралым жинаған. Желі қолданушылары актрисаны қолдап, видеонвң астына жылы лебіздерін білдірген: «Жанар апай, сіз VIP!», «4-маусым қашан шығады екен, сұрап көрдіңіз бе?», «Казахская легенда встретилась с K-drama жұлдызымен!». 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда келінін балағаттаған қайын ата жазаланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Спутник...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртау қаласында екінші қабаттың терезесінен кішкентай қыз құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL...