Астанаағы ойын-сауық орындарының бірінде 18 жастағы жігіт пышық жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайд...
Тәрбиешімен келе жатқан бір топ баланы автокөлік жантүршігерлік жағдайда қағып кетті
Фото: freepik
2028
Берлинде жеңіл көлік тәрбиешімен келе жатқан 15 баладан тұратын топқа соғылды. 6 бала жеңіл жарақат алған, ал тәрбиешінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы жергілікті Bild басылымы хабарлады. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, полиция қызметкерлеріне түсініктеме беруде.
Оқиға орны қоршауға алынып, полиция мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің нақты саны мен оқыс оқиғаның себептері анықталуда.