Музей ісі майталманы Бақыт Камалқызы дүниеден өтті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
525

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық му­зе­йінде ұзақ жыл қызмет еткен, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Бақыт Оразымбетова қайтыс болды, деп хабарлады МadeniРortal.kz.

Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі жариялады.

"Ұлттық музей ұжымы Қазақстан Республикасының мәдениет және туризм саласының үздігі, Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы Туризм ғылыми-зерттеу институтының жетекші гид-экскурсия жетекшісі, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі Бақыт Камалқызы Оразымбетованың дүниеден өткенін терең күйзеліспен қабыл алды.

Бақыт Камалқызы өзінің кәсіби білімімен, адалдығымен және мәдениет саласына сіңірген зор еңбегімен әріптестерінің, шәкірттерінің және жалпы жұртшылықтың құрметіне бөленді. Оның есімі мен еңбегі халқымыздың мәдени-рухани тарихында мәңгі сақталмақ.

Марқұмның туған-туыстарына, отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.