Адвокат Данильхан Шағатаев Air Astana компаниясына Fly Arystan қызметкерлері жас баланы ұшаққа кір...
Тәуелсіздік күні елімізде ауа райы қандай болады?
Фото: freepik.com
16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады. Осыған байланысты өңірлерде ескерту жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
16 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Ал Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Ертең түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 16 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Ертең күндіз Атырау облысында көктайғақ күтіледі. 16 желтоқсанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болуы ықтимал. Ал түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. 16 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Ертең Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Ал күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады. 16 желтоқсанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Ал түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Астана қаласында 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады. Ал түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 16 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.