Астанада ұшаққа кешіккен азамат сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1779

Ұшақ рейсіне кешіккен азамат бостандығын шектеу жазасына тартылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

«Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деп хабарлады Көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Оқиға Астана әуежайында орын алған.

«Елорда әуежайында Алматы тұрғыны рейске кешігіп, агрессивті әрекетке барып, әуежай аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан. Тергеу барысында ер адамның полиция қызметкерлерінің талабын елемей қана қоймай, оларды балағаттап, денсаулығына зиян келтірумен ашық түрде қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы жасалған қылмыс ретінде сараланды», – деп нақтылады көлік прокурорлары.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп Айды Америка Құрама Штаттарына тиесілі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловты 80 жас...