Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігі 2021 жылы 12 қарашада қазақстандық &...
Таза қала үшін бизнес: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты
дереккөз
276
Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбіліктер жалғасуда, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
«Алатау» АЭА ақпараттық технологиялар паркінің аумағында акцияға бизнес өкілдері белсенді қатысты. 35 компанияның қызметкерлері аумақты тазалап, жиналған қоқысты шығарып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Сенбілік бизнес қауымдастығының экологиялық бастамаларды қолдауға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға нақты үлес қосып отырғанының айқын көрінісі болды.

Мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.