Ақтаудағы қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды

Фото: Азамат Сарсенбаев

Жаңалықтар
318

Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды. 

Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.

Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан отандастарымыздың тіз...

Жаңалықтар

Ақтау маңындағы әуе апатынан аман қалған жолаушы Субхонқұл Рахимов оқиғаның қалай болғанын айтып бер...