Астанадағы LRT жаппай жұмысшы іздеп жатыр

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1158

Астанадағы LRT желісіне біраз мамандар қажет. Компания бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қажетті мамандардың тізімін жариялаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Айта кетерлігі, бұл мамандар жұмыс беруші есебінен 4 ай тегін оқып, біліктілігін арттыра алады. Ең бастысы, жұмыс істегісі келген адамның арнаулы немесе жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі болу керек.

Сонымен, LRT жүйесіне керекті мамандар тізімі:

Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:

  • ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
  • күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
  • ғимараттарды жөндеу шебері.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:

  • техникалық жүйелер менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер.

Мүлікті басқару бөлімі:

  • қойма менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • қойма шаруашылығы технигі.

Кешенді басқару бөлімі:

  • бөлім басшысы;
  • кешенді және оқу басқармасының менеджері;
  • өндіріс менеджері;
  • экономика менеджері;
  • әкімшілік басқару менеджері;
  • әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
  • нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
  • станция ауысымының басшысы;
  • станция кезекшісі;
  • қауіпсіздік менеджері;
  • сапа менеджері;
  • өндіріс диспетчері.

Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:

  • өндіріс диспетчері;
  • техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
  • жоспарлы жөндеу слесары;
  • жабдықтарды жөндеу слесары.
  • Пойыз бригадалары бөлімі:
  • қозғалыс менеджері;
  • жол техникасының аға машинисі;
  • жол техникасының машинисі.

Басқару және байланыс жүйелері қызметі:

  • қауіпсіздік менеджері;
  • байланыс шебері;
  • дабыл жүйесі шебері;
  • дабыл жүйесі технигі.

Электрлік-механикалық қызмет:

  • жөндеу шебері;
  • жөндеу слесары.
  • Электрлік жөндеу қызметі:
  • энергетик;
  • электр монтері.

Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:

  • жол монтері (қараушы);
  • көпір желісі монтері.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • жоғары немесе арнаулы орта білім (көлік, машина жасау, инженерлік немесе техникалық мамандықтар, электрлі техника немесе сабақтас бағыттар);
  • тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибе.

«Біз жұмыс берушінің есебінен 4 ай оқытып, біліктілікті арттыру бағдарламасыз ұсынамыз.  Оқу Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен өтеді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа аламыз. Оқыту кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы көзделген. Жұмысқа орналасқаннан кейін лауазымына байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі беріледі. Түйіндеме CTS-тің ресми сайты арқылы қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207) нөміріне хабарласуға болады», - деп хабарлайды компания. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...