Ислам Сәтпаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК

ЖАҢАЛЫҚТАР
158

Қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қазақстандық спортшы нысана көздеуден 50 метр қашықтықтан үш қалыпта мылтықпен ату бойынша жекелей сайыстың финалында өнер көрсетті.

Ақтық сында Ислам Сәтпаев 348,3 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Азия ойындарының алтын медалін Қытай өкілі Чжан Чанхун иеленді. Ол финалда 360,5 ұпай жинады. Ал оның отандасы Лю Юйкунь 360,2 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

Осылайша Ислам Сәтпаев Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жүлде қорын тағы бір қола медальмен толықтырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан &ndash...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосы...