Теміртауда автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
108

Теміртауда ішінде 15-ке жуық жолаушысы бар автобус жолдан шығып, ағашқа соғылды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, 64 жастағы жүргізушінің рөлде отырған кезде денсаулығы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Басқарусыз қалған автобус жолдан шығып кеткен.

Оқиға кезінде салонда 15-ке жуық жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Жүргізушінің нақты неден қайтыс болғаны әзірге хабарланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда автобустарға бала арбасымен кіруге тыйым салынғаны туралы тараған ақпарат шындыққа жанас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты,...