Теміртауда автобуста ер адам 18 жастағы жігітті пышақтап кетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
706

Теміртауда ер адам автобуста 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қоғамдық көліктегі қанды жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер оқиға орнынан кадрларды жариялаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бәрі жанжалдан басталған: екі жолаушы автобустағы терезе желдеткішін ашуға байланысты сөзге келген. Дау төбелеске ұласқан. Куәгерлер полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Tengrinews.kz хабарлауынша, оқиға орнына келген полиция жасағы 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер Теміртаудың 18 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір болған оқиғаны объектив және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қатаң түрде тоқтатылатын болады. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бұл істің тергеуі полиция департаментінің бақылауында.

Бұған дейін Астанада автобуста жолаушылар арасындағы сөз жүзіндегі жанжал төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

PESTEL

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Иран "өте күшті соққы алатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...