Теміртауда бірнеше аудан жылусыз қалды (ВИДЕО)

ашық дерекөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
846

Теміртауда 8-шағынаудан мен Отрадное шағынауданына жылу беретін магистральдық жылу құбырында апат болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz  “Вечерняя Караганда” Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Соның салдарынан 8-шағынаудандағы шамамен 40 көпқабатты үй және Отрадное ауданындағы ондаған жеке үй жылусыз қалды. Сонымен қатар бірнеше кәсіпкерлік нысан мен әлеуметтік саладағы мекемелерде де жылу өшірілген.

Айта кетейік, синоптиктер ауа температурасының күрт төмендеп, –30 градусқа дейін жететіні туралы дауылды ескерту таратқан.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 1970-жылдардан бері күрделі жөндеуден өтпеген құбыр желісінің ескі учаскесінде зақымдану тіркелген.

“Зақымданған орын анықталды, мамандар қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Апатты қалпына келтіру бригадалары жұмыс істеп жатыр, барлық қажетті күш пен техника жұмылдырылды. Ақауды барынша қысқа мерзімде жою үшін жұмыстар үздіксіз режимде жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...