Қазақстан» телерадиокорпорациясына жаңа басшы келді

Коллаж: MADENIPORTAL.KZ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1056

Журналист Ләззат Танысбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басқарма төрайымы қызметіндегі орнын босатты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Бұл шешіміме қолдау білдірген сала министріне алғыс айтамын. Мен әрі қарай да отандық телевизия саласының дамуына еңбек етемін», – деді Ләззат Танысбай. 

Ол бұл қызметте 2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келеді. Ал оған дейін 2012 жылдың ақпан айын бастап, «Астана» телеарнасының басшысы қызметін атқарса, 2020 жылы Ләззат Танысбайдың тікелей қатысуымен жаңа «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы құрылды.

Енді «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан кейін ол «Еуразия» бірінші арнасын басқарады. Ал оның орнына Ернұр Бұрахан тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...