Токиода мемлекеттік қызметкерлер 4 күндік жұмыс тәртібіне өтті

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1375

Токиода 4 күндік жұмыс тәртібін енгізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жапония астанасының билігі мемлекет қызметкерлерінің бәріне төрт күндік жұмыс аптасын енгізеді. Себебі елде туу көрсеткіші күрт төмендеген. Сол себепті қызметкерлер 4 күндік жұмысқа ауысқан. Сәуірде күшіне енетін жаңа жарлық қызметкерлерге аптасына үш күн демалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Токиода бастауыш сыныптарда оқитын баласы бар ата-аналарға жұмыстан ертерек босауға рұқсат берілуі мүмкін.

Жапонияда туу көрсеткіші көптеген жылдар бойы төмендеп, биыл маусымда тағы бір антирекордқа жеткен. Былтыр осы елде бар болғаны 727 277 бала дүниеге келген. Жапония үкіметі демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында түрлі бағдарламалар енгізіп жатыр. Мәселен, осы елде ер азаматтар бала күту үшін ақылы демалысқа шыға алады. Әлеуметтанушылардың көбі туу деңгейінің төмендеуін Жапониядағы еңбек мәдениеті мен өмір сүру құнының қымбаттауымен түсіндіреді.

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...