“Қажылыққа жолдама”: Ерекше баласы бар ананы кемсіткен коуч кешірім сұрады

ашық дерекөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

Танымал коуч Бақытбай Сабырбеков өзіне қатысты дау туғызған мәлімдемеден кейін ерекше қажеттілігі бар баланың анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы kznews.kz жазды.

Ол жұртшылықтың сынына жауап ретінде айтқан сөздерінің бұрмаланып тарағанын айтып, жағдайды жеке өзі түсіндіруге тырысқанын жеткізді. Сонымен бірге әлгі әйелге екі адамға арналған Умраға жолдама сыйлады.

«Кеше ерекше баласы бар анамен әңгімелестік. Балжан ханым, сізден барша халықтың алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Ол әңгіме 30 минутқа созылды, ал көпшілікке тарағаны соның небәрі 3 минуты ғана. Балаңызбен немесе жолдасыңызбен қасиетті мекенге барып, дұға жасап қайтыңыз», – деді коуч.

Анасы бұл сыйлықтың өзі үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

«Баламды соңғы рет емдеткенде, қажылыққа екі рет барып келген бір адам “балаңды Қажылыққа апар, дұғалар қабыл болады” деген еді. Кеше сіздің бір адамға қажылық жолдамасын сыйлағаныңызды көріп, қатты толқыдым. Егіліп жылап, дұға еттім», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртауда 8-шағынаудан мен Отрадное шағынауданына жылу беретін магистральдық жылу құбырында апат бо...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының тұрғыны күтпеген жерден 34 жыл бұрын қысқа уақыт кездескен әйелге үйленген болып шы...