4 жылда «Sax Invest» қаржы пирамидасына 1 мыңнан астам салымшы 1 млрд теңгеден астам қар...
TikTok-та сұмдық әрекетке барған ер адам қолға түсті
Фото: әлеуметтік желі
1065
Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық схема ұйымдастырған. Ер адам арнайы ашылған парақшада жүргізуші куәлігін жедел әрі қиындықсыз алып беруге көмектесетін жалған қызметтерді ұсынған. Адамдарды сендіру үшін бейнероликтер мен жарнамалық жазбаларды пайдаланылған. Салдарынан 45-ке жуық қазақстандық зардап шекті. Ал алаяқ 20 миллион теңге заңсыз табыс тапқан.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды.