Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі: мемлекет жұмыс орын...
Топтық зорлау туралы айтқан әйел мәлімдеме жасады
Фото: freepik
Эльмира Горбаева 23 қыркүйекте өзін бірнеше ер адам зорлағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Оның сөзінше, алдымен ҰҚК-ға барған, алайда оны полицияға жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
29 қыркүйекте ол Threads желісінде көмек сұрап, оқиға туралы жазба жариялаған. Кейін полиция қызметкерлері пәтеріне келіп, есікті қағып, құлыпты бұзуға әрекеттенгенін және заттай дәлелдерді алып кетпек болғанын айтқан видеолар салған.
Осыдан кейін Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Кейін әйелдің Threads парақшасындағы бұған дейінгі жазбалары мен видеолары өшіріліп, оның орнына түсініктеме жарияланған.
«Видеоларымда шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат айттым. Мені адастырды, сол кезде психологиялық тұрғыда қиын жағдайда болдым. Мені осы жағдайға үшінші тұлға жеткізді, ол бұдан пайда тапты. Барлық айтқан сөздерім үшін полициядан кешірім сұраймын. Полиция бұл мәселемен айналысып жатыр. Екі ер адам ұсталды», - деп жазды ол.