Жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ. Шымкенттің әкімі мәлімдеме жасады

Фото: ernur.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2881

Шымкент қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kz  тілшісіне сілтеме жасап. 

Былтыр қолданылған заттарды пайдаланған күннің өзінде жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлім етті. Оның айтуынша, әр ауданға мерекелік безендіру үшін 16 млн қажет.

"Жаңа жылды безендіруге 80 млн теңге бөлінеді, бұл қаражат барлық аудандарға қарастырылған – әрқайсысына 16 млн теңгеден. Бізде былтырғы шыршалар мен әшекейлер бар, соларды да пайдаланамыз", – деді Сыздықбеков.

Сондай-ақ, ол демеушілердің ақшасын пайдаланғаны үшін қосымша мерекелік шаралар төленетінін атап өтті.

Өткен жылы Шымкенттің бес ауданында жаңа жылдық безендіруге 74 миллион теңге, мерекелік шараларға 36 миллион теңге бөлінген еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...