Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жаңа Парламент сөзінде сөз қозғады, деп хабарлады Ma...
Тоқаев Бельгия Королі мен Патшайымын Астанада ерекше құрметпен қарсы алды
Ақорда
91
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың мәліметінше, мәртебелі меймандар мінген ұшақты Қазақстан Республикасының Әскери әуе күштері ел шекарасынан Астанаға дейін әуеде сүйемелдеген.
Король мен Патшайымды қарсы алу рәсімі елорда әуежайында салтанатты жағдайда өтті. Ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы жеке өзі қарсы алды.
Айта кетейік, Бельгия корольдік жұбы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.