Тоқаев белгілі америкалық инвесторды «Достық» орденімен марапаттады

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
99

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдап, Қазақстандағы жасанды интеллект пен инновацияны дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кездесу барысында Президент Network School жобасының еліміздегі технологиялық экожүйені дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның білім, ғылым және цифрлық технологияларға инвестиция салып, жаңа буын көшбасшыларын даярлауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Президент жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасына тоқталды. Бағдарлама аясында мектептер, университеттер мен медициналық мекемелерді қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын ауқымды түрде салу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын құптап, жобаның отандық университеттермен, стартаптармен және технологиялық компаниялармен серіктестікті кеңейту ниетін қолдады.

Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстанда озық технологиялар мен экономиканың дәстүрлі салалары қатар дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Network School Kazakhstan жобасының негізгі бағыттарын таныстырып, цифрлық шешімдерді ілгерілету, адами капиталды дамыту және инновацияларды енгізу жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар Тоқаев Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін Шринивасанға алғыс білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстандағы жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда «Тобыл» футбол клубының шетелдік ойыншысына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылтай депутаты Юлия Кучинская Қазақстаның барлық қаласын тексеруді ұсынды. Оның айтуынша, тұрғы...