Тоқаев бизнеске кедергі келтіретін шенеуніктерді түрмеге қамауды ұсынды

Жаңалықтар
32561

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қылмыстық заңнамаға бизнестің дамуына негізсіз тексеру, салық салу, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді бас бостандығынан айыру туралы шараларды енгізу қажеттігін айтты деп хабарлайды «Мәдениет порталы»  KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.

"Мен бизнесті дамытуға арналған жағдайларды жасаудың қажеттілігі және осы саладағы мемлекеттік негізсіз бақылауды азайтуға мән бердім. Менің түбегейлі көзқарасымды барлықтарыңыз білесіздер. 

Отандық, өзге сөзбен айтқанда, ұлттық буржуазиялық бизнеске барынша қолдау көрсету керек. Ал оның дамуына негізсіз тексеріс, салық салу, рейдерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалау керек", - деді Тоқаев.

Ол бизнеске кедергі келтіруге бағыталған мемлекеттік органдар мен оның өкілдерінің әрекетін қылмыстандыру керектігін атап өтті.

"Заңда қатал шараларды енгізу керек, тіпті қылмыстық қудалауға дейін. Ондай шара бірқатар мемлекеттерде бар... Үкіметке заңға тиісті өзгертулерді енгізуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

author

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚАЙРАТКЕР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...