Танымал әнші кірпінің сорпасын ішемін деп көптен сөз естіді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
677

Танымал әнші, «Жігіттер» квартетінің мүшесі Айдар Тұрғамбек әлеуметтік желіде кірпі етінен дайындалған сорпаны ішіп отырған видеосын жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видеода өнер иесі кірпі етінен әзірленген сорпаның асқазанға пайдалы екенін айтып, оны емдік қасиеті бар тағам ретінде сипаттаған. Алайда бұл пікір көпшіліктің наразылығын тудырды.

Желі қолданушылары әншінің әрекетін сынға алып, жабайы жануарларды тағам ретінде пайдалануға қарсылық білдірді. Кейбірі кірпі етінің адам денсаулығына пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін екенін айтып, мұндай тағамды тұтынуға болмайтынын жазды. Сондай-ақ оқырмандар жануарды аяп, мұндай видеолардың қоғамға теріс үлгі болуы мүмкін екенін алға тартты.

Әзірге Айдар Тұрғамбек желіде айтылған сын-пікірлерге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

 

Шоу-бизнес

Продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда талқыға түскен қайғылы жағдайға қатыс...

СПОРТ

"Ювентустің" маусым алдындағы жолдастық кездесуі кезінде команда жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, қ...