Түнгі клубтағы өрттен 59 адам тірідей жанып кетті

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
3132

Түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тауып, тағы 100-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. 

Қайғылы оқиға Солтүстік Македонияда орын алды. Өрт жексенбі Кочани қаласындағы Pulseтүнгі клубында болған.

Өрт болған уақытта сахнада елге танымал ADN хип-хоп дуэті өнер көрсетіп жатқан. Концертке шамамен 1500 адам жиналғаны хабарланды.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрттің шығуына пиротехникалық эффектілер себеп болуы мүмкін. Бейнежазбаларда сахнадан шыққан ұшқындардың төбеге тиіп, артынша жалынның әп-сәтте бүкіл ғимаратты шарпығаны байқалады.

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...