Алматыда тәрбиеші 4 жастағы баланы жалаңаш далаға шығарып жіберген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1514

Алматы қаласы Алатау ауданының жекеменшік балабақшаларының бірінде тәрбиеші 4 жастағы қыз басқа балалар ұйықтап жатқан жерінен киімсіз күйде дәлізге қуып шыққан. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы Жадыра Рахымбаева айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Тәрбиешінің айтуынша, қыз ұйықтамаған және басқа балалардың ұйықтауына кедергі келтірген.

Сол сәтте күтуші терезені ашып қойған. Қызды тіпті тәпішкемен қорқытып, әрі бері жүргізген.

Осы оқиғадан кейін бала бронхитпен ауырып қалған.

Балабақша меңгерушісі Фатима Мусаева оқиға болғаннан кейін тәрбиеші мен күтушімен еңбек шартын бұза отырып жұмыстан босатылғанын хабарлады.

"Мұндай жағдай болғанына өте қатты күйіндім. Бұл адам бізде 2019 жылдан бері жұмыс істеп келді, оған дейін мұндай әрекеттер байқалмаған", — деді ол.

Қазіргі уақытта балабақшада бақылау күшейтіліп жатыр. Мекемеде 100 бала тәрбиеленуде, ал 4 топқа 4 тәрбиеші жұмыс істейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...