«Олимпиакос» жанкүйерлері қателесіп Алматыға ұшып келген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
943

Грекияның «Олимпиакос» клубының бірнеше жанкүйері матч өтетін жерді шатастырып, Астанаға емес, Алматыға ұшып келген. Бұл туралы алматылық жанкүйерлердің бірі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Айтуынша, қонақ жанкүйерлер қателескендерін ұшақтан түскеннен кейін ғана түсінген. Енді олар жедел түрде елордаға жетуге тырысып жатыр.

«Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы Чемпиондар лигасының ойыны 9 желтоқсанда Астанада өтеді. Матч сағат  20:30-да басталады.

Қазіргі таңда жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде «Кайрат» бір ұпаймен 35-орында, ал «Олимпиакос» екі ұпаймен 33-орында тұр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...