Тоқаев ҰҚК жұмысын түбегейлі өзгертуді тапсырды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
258

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізіп, ведомствоның жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырды. Президент ҰҚК жүйесін реформалау және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын жаңғыртып, қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ведомство алдына қойылған міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы басым мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын күшейтуді міндеттеді.

Сонымен қатар Президент ҰҚК-де кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіруді және елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға туралы оқырман Telegram-ботқа жазып хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы сол сыныпта оқиды, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзг...