Күн күрт суытады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1238
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Антициклонның әсерінен республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз күндер сақталып отыр. Алайда синоптиктер алдағы уақытта ауа температурасының төмендеуі мүмкін екендігін ескертеді.

Қазгидромет мәліметінше, солтүстік және шығыс өңірлерде ғана фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын өтеді. Дегенмен, бұл құбылыстар ұзаққа созылмайды.

Антициклон келе жатқан суық ауа массалары арқылы толығып, нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде салқын ауа райы орнығады. 29 қарашаға қараған түні солтүстік аймақтарда термометр бағандары –8…–13°С дейін төмендесе, оңтүстік жартысында ауа температурасы –2…–7°С шамасында болады деп болжануда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...