Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі

Фото: kz.eurasiatoday.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
1078

Меккедегі Сағат мұнарасы мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

«Eurasia Today» ақпарат агенттінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов пен Меккедегі Сағат мұнарасы мұражайының директоры Наиф әл-Маликимен кездесуінде талқыланды.

Тараптар кездесуде туризм, ғылым және мәдениет салаларында ынтымақтастықты талқылап, бірнеше келісімге келді.

Аталған басылымның дерегінше, алғашқы кезеңде қазақстандықтарға мұражайға кіруде жеңілдіктер ұсынылып, ресми делегациялар үшін арнайы шарттар енгізіледі.

Сондай-ақ мұражайдың аудиогид жүйесіне енді қазақ тілі қосылады.

Кездесу қорытындысынша тараптар тұрақты байланыс орнатып, қол жеткізілген уағдаластықтарды ресми түрде бекіту мақсатында тиісті құжаттарды дайындауға келіскен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады...

PESTEL

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болған тікұшақ апаты салдарынан америкалық әнші әрі музыкант Ol...