ҰҚК "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның Анталияда ұсталғанын хабарлады, деп хабарлады M...
“Жан айқайым жетеді деген ойдамын”: Наркенже Серікбаева көзіне жас алып видеоүндеу жариялады
Фото: әлеуметтік желіден
Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жариялап, онда өзінің сахнадан қуылып жатқанын және оған не себеп болғанын айтқан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ол бұл видеосы арқылы болып жатқан бассыздықтарды қолға алуын сұрап әкімге жолдаған.
Наркенже Серікбаева өнерде жүргелі көп қысым көріп келе жатқанын, өзі жұмыс істеп жүрген Ш.Қалдаяқов атындағы филармония басшысы түрлі қысым көрсетіп, махаббат тұрғысында әңгімелер айтып, соңында "киімің жоқ" деп сахнадан шеттеткенін, ар намысына тиіп, барша жұмысшылардың көзінше айқайлағанын айтып жылап қалған.
Сондай-ақ, дәстүрлі әнші жазба жариялап, Түркістан облысының әкіміне “Мәдениетімізді кімдердің қолына бергеніңізге мән беріңізші” деп қорытындылаған.
Сонымен қатар, Наркенже Серікбаева өзін ашындырып осындай жағдайға жеткізгенін, әкімге жан айқайы жетеді деген ойын ашық айтқан.
“Менде шындық көп… Ашындырып Ашындырып мені осындай жағдайға жеткізді!
Филорманияда қанша жыл жұмыс жасадым, бұл Екі кісі басшы болып келмей тұрып @turkistan_madeniet_basqarmasy бұндай әділетсіздік көрген емеспін! @filarmonia_shamshi
Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Әкім мырза сізге осы жан айқайым жетеді деген ойдамын! @turkistan_oblysy
@nuralkhan_kusherov”, - деп жазды әнші желідегі парақшасында.