Туған анасын зорлаған 39 жастағы ер адам қамалды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2063

Үндістанда ер адам өз анасын зорлағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Үндістан астанасы Делиде сұмдық оқиға тіркелді. 39 жастағы ер азамат тамыздың басында туған анасын бірнеше рет зорлағаны үшін ұсталды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті әкесіне анасымен ажырасуын талап еткен. Оның сөзінше, бала кезінде шешесінің өзге ер адамдармен көз алдында жақын қарым-қатынаста болғанына куә болған. Сол себепті ол анасын "жаза ретінде" қорлағанын айтқан.

Қарт әйелдің айтуынша, ұлы екі рет сексуалдық зорлық көрсеткен. Соңғы рет болған оқиғадан кейін ол 25 жастағы қызының көмегімен полицияға шағымданған.

Медициналық сараптама анасының зорланғанын растады. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...