Тұңғыш рет әлем чемпионы атанған қазақ қызына темір тұлпар табысталды (ФОТО)

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1623

Түркістан облысының спортшылары халықаралық додаларда ел намысын лайықты қорғап, Қазақстанның абыройын асқақтатып келеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Соның жарқын дәлелі – Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен жеңімпаз атанған 55 келі салмақ дәрежесінде белдескен Шұғыла Өмірбек. Ол финалда түрік балуаны Туба Демирді 12:8 есебімен тізе бүктіріп, Қазақстанның көк байрағын биікке көтерді.

Тарихи жетістік ел назарынан тыс қалған жоқ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров чемпион қызды арнайы қабылдап, зор құрмет көрсетті.

"Сіздерді тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек Шұғыланың жеңісі емес, бүкіл еліміздің және Түркістан өңірінің мақтанышы. Бұл – үздіксіз еңбек пен жоғары дайындықтың нәтижесі. Сонымен қатар бұл жетістік – облыста спорт инфрақұрылымын дамыту, дарынды спортшыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың жемісі. Болашағы жарқын спортшыларды қолдау – біздің басты міндетіміз. Енді бұл жеңісті жол Олимпиада төрінде жалғасады деп сенеміз", – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Салтанатты жиында Шұғыла Өмірбекке жаңа автокөліктің кілті мен алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ оның жеке бапкері Нұржігіт Ерімбетовке алғыс хат және қаржылай сыйақы, ал Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің директоры Дәурен Тәңірбергеновке марапат берілді.

Өз кезегінде Шұғыла мен бапкері облыс басшылығына алғыстарын білдіріп, алдағы басты мақсат – Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғау екенін атап өтті. Қазір олар дайындықты күшейтіп, жаңа белестерге ұмтылуда.

Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістан облысында әйелдер күресі қарқынды дамып келеді. Өңірдің бұрымды балуандары Азия чемпионаттарында 17 медаль, ал әлем біріншіліктерінде 5 медаль еншілеген.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...