"Қалыңдық міндетті түрде "қыз" болуы керек": Қазақ қыздарына үндеу жасалды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1236

Танымал қоғам қайраткері Амалбек Тышанов көкірегі мен санын ашып жүретін қыздарға үндеу жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Амалбек Тышанов бұл туралы Qazaq.Airan YouTube арнасында берген сұхбатында айтты. 

«Ұлы сөздің ұяты жоқ дейді ғой, біз қазақ болғаннан кейін, үйленгеннен кейін қалыңдық міндетті түрде ол қыз болуы керек. Ол ешқандай өзінің қыздық арын сақтай отырып, соны тек өзінің жарына ғана арнау керек. Осындай тазалықты біздің ұлттық негізіміздің бәрі айналып келгенде халықтың бірігуіне, адалдыққа, тазалыққа намысшыл болуға алып келеді.

Қазір өкінішке қарай бізде ер-азаматтарды намыс дегенді ояту өте қиын. Мен оны ағалық көзіммен айтып отырған әңгімем, оны жұрт, жастар ренжімес деп ойлаймын. Ал қыздарымыз ұяттан айырылған заман.

Қалай болса солай киіну, өзіне мән бермеу, көкірегін ашып жүру, аяқ, санын ашып жүру. Өзінің жүріс-тұрысына мән бермеу сияқты заман болып кетті», — деді қоғам қайраткері.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...