Халықтың жиналған ақшасын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат туралы тың деректер шықты, деп хаба...
Непалдағы апат: Үш қазақстандық әлі табылған жоқ
Фото: freepik
102
Қытай мен Непал шекарасында болған табиғи апат аймағында жоғалып кеткен үш қазақстандықтан әлі ешқандай хабар жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты. Сөзінше, Қазақстанның дипломатиялық қызметкерлері жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматшасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, олардың бірі туристік топ құрамында екі ел арасындағы шекарадан өткен. Ведомство жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастыруда.