Түркістан облысында суға батып кеткен сегіз жастағы бала әлі табылмады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
448

Түркістан облысының Келес ауданында суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Хабарланғандай, ТЖМ құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері Келес өзеніне батып кеткен сегіз жастағы баланы іздестіруде.

Баланың анасының айтуынша, 23 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де бала ойнап жүріп суға құлап, батып кеткен.

«2018 жылы туған баланы іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Жалпы іздеуге 120-дан астам адам, 15 техника, 12 жүзу құралы және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысуда», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Асхат Ержанов.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.

«ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың және балаларды қараусыз қалдырмаудың маңыздылығын еске салады», – деп хабарлады ведомство.

СПОРТ

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамқұлов мәнерлеп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның 15 облысында 30 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, де...