Түрлі сынақтардан өттік: Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде сезімдерімен бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1138

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сыныпты бітірген қызының ең қуанышты сәттері бейнеленген видеоны көрсетіп, ағынан жарылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына ақжарма тілегін жеткізді.

«Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ол қызы 11-сыныпқа көшкеннен бастап толқуы бір сәтке де сейілмегенін айтты.

«Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!», - деп түйіндеді өнерпаз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...