Тұрсынбек Қабатов келіншегімен бірге қажылыққа аттанды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2367

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сапармен барған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Айман әлеуметтік желідегі парақшасында қасиетті жерлерден түсірілген фотосуреттерін бөлісіп, қазіргі уақытта олардың Медина қаласында жүргенін көрсетті. Сонымен қатар, Тұрсынбек Қабатовтың да видео жариялауы көпшіліктің олардың бірге барғанын байқауына себеп болды.

Желі қолданушылары Айманға ізгі тілектерін жаудырып, қажылықтарының қабыл болуын тіледі.

«Қабыл болсын», «Алла бізге де баруды нәсіп етсін», «Жарасымды жұп», «Өте дұрыс шешім» сынды пікірлер көптеп жазылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...