Ұлытау облысында 20-ға жуық ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1073

Ұлытау облысындағы Жаңаарқа және Ұлытау аудандардың ақсақалдары әрі жастарының бастамасымен бірқатар ауыл алкоголь өнімдерінен түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ kaz.inform.kz сілтеме жасап. 

Нәтижесінде тұрмыстық жанжал мен қылмыстық оқиғалар азайып, салауатты өмір салты айқын орнықты. Бүгінде облыс бойынша барлығы 19 ауыл «ішімдіксіз елді мекендер» қатарына қосылды.

Оның 18-і Жаңаарқа ауданында (Сәкен, Айнабұлақ, Алғабас, Ескене, Ақтасты, Ақтүбек, Жұмажанов, Орынбай, Қараағаш, Ақтау, Қылыш, Жаңаталап, Қарамола, Байғұл, Өркендеу, Атасу, 189-ауыл), біреуі Ұлытау ауданында – 1 ауыл (Байқоңыр).

Алғашқы жылдары бастамаға небәрі бес ауыл қатысса, бүгінде олардың саны он тоғызға жетті. Бұл қадам қоғамдық ахуалды жақсартып қана қоймай, жастардың спортқа ден қоюына, ұлттық құндылықтардың қайта жаңғыруына ықпал етті. 

PESTEL

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген, деп хабарлайды...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Иран "өте күшті соққы алатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...