Бүгін Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цех өртенді, деп хабарлайды Madeniportal.kz. ТЖМ маман...
Туылғанына 4 күн болған сәби өлім аузында: Ақмолада жол апатынан 6 адам зардап шекті
Фото: ЖИ
Астана - Петропавл тас жолында екі көлік соқтығысып, 6 адам жараланды. Оның ішінде 4 күн бұрын дүниеге келген нәресте бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Жол апатынан 6 адам жараланды. Оның ішінде 2 бала бар. Екеуі де облыстық балалар ауруханасында жатыр. Туғанына төрт күн болған сәбидің жансақтау бөлімінде өкпесіне жасанды желдету аппараты қосылды. Жағдайы ауыр. Екінші бала түрлі жарақат алған», - деді денсаулық сақтау басқармасынынң өкілі.
Сонымен бірге, облыстық ауруханаға екі ересек адам түскен. Бірі жансақтау бөлімінде жатыр, оның жарақаты ауыр, денесі көгеріп, сүйектері сынған. Екінші науқас травматология бөлімінде ем алып жатыр. Тағы бір пациентке амбулаториялық ем тағайындалды. ал бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 7 қарашада Көкшетау қаласына жақын маңда, Volvo жүк көлігі мен Hyundai Genesis және Lada Granta маркалы екі жеңіл көлік соқтығысқан. Зардап шеккендердің арасында нәрестеден бөлек, 13 жастағы бала, әйелдер мен ер адам бар. Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы бірден ауруханаға жеткізілген. Апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.