ТЖМ құтқарушылары бір үйір жылқыны аман алып қалды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1951

ТЖМ құтқарушылары бір үйір жылқыны аман алып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кеше Ақмола облысы Атбасар ауданының Магдалиновка аулының маңында бір үйір жылқы су айдынынан өтіп, су арқылы жағалауға өздігінен жете алмады. 

Жануарларды байқаған куәгерлер құтқарушыларды көмекке шақырған. Оқиға орнына жеткен елордалық құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден сақтап, қауіпсіз жерге айдап шығарды. Барлығы 40 жылқы, оның ішінде 1 құлын құтқарылды. 

Құлын үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан, ол  қайықпен тасымалданды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...